Алматы облысында жеңіл көлік ішіндегі жүргізуші тірідей жанып кетті
Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 147 шақырымында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Changan маркалы жеңіл автокөлік Volvo жүк көлігінің тіркемесіне соғылды. Changan көлігі өртке ораныр, жүргізушісі көлік ішінде тірідей жанып кетті.
Полицияның мәліметінше, марқұмның денесі мәйітханаға жеткізілді. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Жол апаты салдарынан жеңіл көлік өртеніп, жүргізуші алған жарақаттары мен күйіктерінен оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: