Алматы облысында жоғалған әскери тікұшақтың бөлшектері табылды

Алматы облысында жоғалған Қарулы күштерге тиесілі ЕС-145 әскери тікұшағын іздеу жалғасуда, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әуе көлігі Луговойдан ұшып шығып, Отар маңында радардан жоғалған. Бортта үш экипаж мүшесі болған.

Іздеу барысында ТЖМ ғарыштық мониторингі Сорбұлақ көлінің аумағынан майлы дақтарды анықтап, сол маңнан тікұшақтың бөлшектері табылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 200-ге жуық адам, 40 техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық есептоп және 2 тікұшақ жұмылдырылған. Құтқарушылар суасты дрондары мен эхолоттарды пайдаланып, жұмысын тәулік бойы жалғастыруда.

Апат Ұшақ Әскер жоғалды
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар