Алматы облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды
Алматы-Бішкек тасжолында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, 7 адам ажал құшты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тасжолдың 129-шақырымында болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алда қозғалып бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның бәрі, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: