Алматы облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты
Алматы облысында Алматы-Көкпек-Көктал-Шонжы тас жолында болған жол апатынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, Audi A6 жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, Nissan Cefiro-мен соқтығысқан. Екі жүргізуші де, екі жолаушы да алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жатқызылды.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: