Қазақстан жаңалықтары1 сәуір 2024, 13:45

Алматы-Өскемен тасжолында көлік көпірден құлап, ер адам көз жұмды

Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тасжолында көлік көпірден құлап, 23 жастағы ер адам мерт болды. Жол-көлік оқиғасы Алматы-Өскемен тасжолының Абай облысына қарасты аумағында тіркелген. Жолдың 976 шақырымында келе жатқан Lada Kalina маркалы автокөлігі көпірден құлап кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

«Ер адам рульді басқара алмай қалып, металл қоршауларға соқтығысып, көпірден құлады. 23 жастағы жүргізуші сол жерде қаза болды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицейлер жүргізушілерден жол ережесін сақтауға, жолда барынша абай болуға шақырды.

Алматы-Өскемен Көпір Жол апаты қаза болды

Тақырыпқа жаңалықтар