Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті
Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті. Іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
27 шілде күні таңертең тауға шыққан жігіт Медеу ауданында жоғалып кетті. Сағат 23:02-де іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.
Жігіт тауда жүрген сәтте ауа райы күрт нашарлап, жаңбыр мен бұршақ жауып, биік тұстарда қар түскен. Қазір іздестіру жұмыстарына секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел мен қалың бұлт кедергі келтіруде.
Іздеу «Жастар» шыңы маңында жүріп жатыр. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Оқиға орнына ТЖД, РЖҚЖ мамандары, кинологтар, дрондар және еріктілер тартылған. Мыңжылқы шатқалында жедел штаб құрылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: