Алматыда 18 жастағы қызды такси жүргізушісі зорлады
Алматыда кеше, 19 қыркүйек күні 2007 жылы туған қызды такси жүргізушісі зорлады. Жігіттің бұған дейін қызға қырыңдап жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры жазды. Қор тағы да полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігіне шағымданды.
Жоғалып кетіп, зорланған күйі табылған қызды полиция 5 сағат бойы тергеген. Бір-біріне сілтеп отырған полицейлер прокурор қоңырау шалғаннан кейін ғана іске кіріседі. Бірақ сараптамаға жіберуден үзілді-кесілді бас тартады.
Сараптама тапсыруға енді ғана мүмкіндік берген. «НеМолчиKZ» қорының жазуынша, түнде келген мемлекеттік адвокат қызды қорғаудан бас тартып, сараптаманы күтпей кетіп қалыпты.
«Бұл іске Бас прокуратураның араласуын талап етеміз. Шұғыл сараптама жүргізіліп, күдіктіні қамауға алу керек. Ол жігіт такси жүргізушісі болып істейді. Демек қазір оның көлігіне отырған Алматыдағы әрбір қызға қауіп төніп тұр», - деп жазды қордағылар.