Алматыда 19 жастағы жігітті бір топ адам аяусыз соққыға жыққан

Желіде тараған ақпарат бойынша, оқиға туралы жігітті 15 жасынан бері тәрбиелеп келе жатқан асырап алған анасы айтқан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Айтуынша, ұлының құрбысы хабарласып, жігітті бір топ жасөспірімнің жабылып ұрғанын жеткізген.

Зардап шеккен жігіт ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілген.

Дәрігерлер оған жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, омыртқа, бет және мойын тұстарының соғылуы диагнозын қойған.

Алматы полициясы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Жанжалға қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілген және барлығынан жауап алынған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші мен кәмелетке толмағандар арасында ауызша жанжал туындап, кейін ол төбелеске ұласқан.

Алматы соққы Жасөспірім жігіт
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:10 Эхо Москвы

Тақырыпқа жаңалықтар