Алматыда автобус жүргізушісі адам қағып кетті
Алматыда қоғамдық көлік тізгіндеген жүргізуші телефонға алаңдаймын деп қызды қағып кеткен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға кеше, 9 желтоқсан күні Төле би мен Исаев көшелерінің қиылысында болған. Жүргізушісі телефонға алаңдаймын деп, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Зардап шеккен 2007 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: