Алматыда ер адам анасын ұрып, қолын байлап тастаған
Алматыда қолы байланған күйде көшеге қашып шығып, жұрттан көмек сұраған әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Кадрлардан әйелдің жалаңаяқ жүргенін және қолының бинтпен байланғанын көруге болады. Видео авторының мәліметінше, әйелге өз ұлы күш көрсеткен. Ол анасының «отбасылық өміріне араласқанына» ашуланып, оны ұрып-соғып, кейін қолын байлап қойған делінеді.
Оқиғаға қатысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары әйелдің жеке басын анықтап, одан түсініктеме алған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: