Қазақстан жаңалықтары12 сәуір 2024, 21:16

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан

Алматыдағы тұрғын үйдің ауласында ер адам өзінің бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан.  Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үй кешенінің ауласында ер адам әйелдің телефонын жерге лақтырып, сындырып, кейін әйелді аяусыз ұрып-соққан видеосы тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жазба авторы Жанна Ахметова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдің есімі Салтанат екенін жазған. Әйел 11 жыл отбасылық өмірден кейін ажырасуға шешім қабылдады. Балаларын алып, Тараздан Алматыға көшті. Автордың айтуынша, қазір оның бұрынғы күйеуі келіп аңдып, қайта оралуға мәжбүрлеп жүр.

«Полиция бұл факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Жиналған материалдар қылмыстық жәбір көрсетушіні жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді», деп хабарлады Алматы полициясы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Egemen Qazaqstan (@egemenkz)

Алматы ер адам бұрынғы әйелі соққы

Тақырыпқа жаңалықтар