Алматыда мектепте уланғандар саны 51-ге жетті
Алматыда мектепте уланғандар саны 51-ге жетті. Мұны Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді. Ол аруханаға барып, балалардың жағдайын өз көзімен көріп келген екен, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Барлығы 43 ұл және 5 қыз бар. Жаңа ғана тағы үш баланы әкелді. Олар Республикалық физика-математика мектеп интернатында тұрады, әртүрлі өңірден келген. Жағдайлары тұрақты", – деді ол.
Қазір интернат пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылған. Мамандар тексеру барысында азық-түлікті сақтау талаптары бұзылғанын анықтаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: