Алматыда қызды аңдыған адам 14 жастағы жасөспірім болып шықты
Алматыда көшедегі бір қызды аңдып, оның денесін ұстаған әдепсіз адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 14 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Жасөспірімнің ата-анасы баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған баланың өзі мектепішілік есепке алынды.
Бұдан басқа, осы факт бойынша материалдар Түрксіб ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: