Алматыда самокат мінген екі ер адам төбелесті

Алматыда самокат мінген екі адам бір-бірімен соқтығысып қалды. Екеуі жанжалдасып, төбелесуге дейін барды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Екі ер адам тротуарда бір-бірімен соқтығысып қалған. Кішігірім оқиға жанжалға ұласып, кейін екеуі жұдырықтаса кетті. Айналадағы адамдар екеуін ажыратып, төбелесті тоқтатты.

Алматы полиция департаменті екі ер адамды іздестіріліп жатқанын хабарлады.

«Тротуарда төбелескен азаматтар заң талабы бойынша ұсталып, жауапқа тартылады. Олардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Мұндай тәртіп бұзушылықтарға жол берілмеуі керек деп санаймыз», - деп хабарлады полиция.

 

 

 

Алматы сомакат Төбелес ер адам

Тақырыпқа жаңалықтар