Алматыда шетелдіктер жаңа туған сәбилерді әкетуге тырысқан

Жаңа туған сәбилерді Қазақстаннан әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

11 қараша күні Алматы халықаралық әуежайында екі отбасы суррогат аналардан туған жаңа туған сәбилерді алып, Қазақстаннан кетіп бара жатқан кезде ұсталған. Олардың қолында балалардың құжаты болғанымен, шекарадан өтуге рұқсат берілмеген.

Аталған дерек бойынша Алматы полицисы «Кәмелетке толмаған балаларды саудалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу жүріп жатыр.

Сәби Шетел Алматы Әуежай

Тақырыпқа жаңалықтар