Қазақстан жаңалықтары14 желтоқсан 2023, 10:12

Алматыда үш жігіт қыз зорлады деген күдікке ілінді

Алматыда үш жігіт 20 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Telegram каналдардың бірінде үш жігіт ойын-сауық мекемесінде 20 жастағы бойжеткеннің алкогольдік ішімдігіне әлдебір зат салып, кейін оны ұрлап алып кетіп, зорлағаны туралы ақпарат пайда болды.

Сондай-ақ күдіктілер жәбірленушіге моральдық шығын үшін ақша ұсынып жатқаны хабарланды. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер анықталып, ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушінің алкогольдік сусынына белгісіз зат қосылғаны бойынша да тексеріс жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция қылмыстық процеске қатысушылар арасындағы хат алмасу Instagram әлеуметтік желісі арқылы жүргізілгенін анықтады.

«Егер шағымды кері қайтарып алатын болса, ол жазаны жеңілдетуі мүмкін, бірақ қылмыстық істі тоқтатуға негіз бола алмайды», - деп атап өтті ведомстводан.

Алматы Зорлық жігіттер түнгі клуб
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар