Алматыда зейнеткер әйелді соққыға жыққан күдікті бұрын сотталған

БАҚ мәліметінше, күдікті бұған дейін кісі өлтіру және ауыр дене жарақатын келтіру бойынша сотталған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол «қорғану кезінде шектен шығу» бабы бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылған.

Тергеу мәліметінше, 2020 жылы оның үйіне екі адам кіріп, анасы 6 млн теңге ұрлады деп күдік келтіріп, ақшаны қайтаруды талап еткен.

Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен әйелдің жағдайына қатысты ақпарат берді.

Әйелдің жарақатын жазып, тігіс салғаннан кейін үйіне жіберілді.

Buzyq-тың жазуынша, күдікті – Илья деген біреу, 26 жаста. Ол ұсталды. Қазір изоляторда отыр. Полиция «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғады.

Алматы Зейнеткер Қылмыс соққы

Тақырыпқа жаңалықтар