Алматыда жезөкшелікпен айналысатын 70-тен аса орын табылды

Алматыдағы «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерінде интим қызмет көрсететін пәтерлер анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полиция мәліметінше, кейбір пәтерлерде тіркеусіз және құжатсыз адамдар тұрған. Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысатын пәтерлер саны 70-тен асқан.

Құқық бұзушылыққа қатысқан пәтер иелері мен қатысушылар жауапкершілікке тартылды.

«Полиция қызметкерлері заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін күн сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізеді, ал тұрғындар өз аудандарындағы қауіпсіздік пен тәртіпке жауапты болуы керек. Азаматтарды бейжай қалмай, заң бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырамын» - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Алматы тұрғын үй Қызмет Қылмыс
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
18 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
17 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар