Алматыда жолаушы қозғалып бара жатқан автобустан құлап, жарақат алды
Алматыда жолаушы қозғалып бара жатқан автобустан құлап, жарақат алдыс, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобус аялдамада тоқтағанымен, жүргізуші қозғалысты бастап кеткен сәтте жолаушы түсіп үлгермеген.
Автопарк таратқан ақпаратқа сәйкес, бейнежазбада автобус тоқтап, есіктері ашылып, артынша жабылғаны көрінеді. Алайда аялдамасынан өтіп кеткен жолаушы есікті ұстап тұрып, түсуге әрекет жасаған. Соның салдарынан ол жол жиегіне құлап кеткен.
Оқиға орнында жүргізуші мен басқа жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырған. «Олжас ЛТД» компаниясы зардап шеккен әйел ресми шағым түсірген жағдайда, оның денсаулығына келген шығын өтелетінін мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: