Алматыда жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды

Алматыда автобус аялдамаға соғылып, автобус күтіп тұрған адамды қағып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бақытымызға орай, адам өлімі болған жоқ. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдай сағат 12:35-те Жетісу ауданында болды.

«Солтүстік айналма тас жолымен солтүстік бағытта келе жатқан Yutong автобусының жүргізушісі көлікке ие бола алмай, жол жиегіне және аялдамаға соқтығысып, сол уақытта аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті», - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Екі адам медициналық көмекке жүгінген.

Алматы автобус аялдама Адам
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
23 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар