Қазақтың «Қыз Жібегі» Қазақстанның халық әртісі атанды

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Меруерт Қаратайқызы Өтекешова Қазақстанның халық әртісі атағын алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы ақпаратты Ақорда таратты.

«Қазақстанның халық әртісі» атағына музыка, театр және кино өнерінің көрнекті қайраткерлері Б.Әбділманов, М. Өтекешова, А.Жайымов, Т.Жанқұл, Ш.Жанысбекова, Б.Ибраев, К.Қазақбаева, Р.Машурова лайық деп танылды», - деп хабарлады Ақорда.

Мерует Өтекешова Өтекешова 1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген. Марқұм актер Құман Тастанбековтің жары әрі Жібек, Томирис есімді қыздар мен Фараби есімді ұлдың анасы.

Ол 1968 жылы Алматы қаласындағы №66 мектепті тәмамдағанында «Қыз Жібек» киносының бас кейіпкерінің рөлін сомдауға шақырту алады.

1982 жылы «Қарагөз» қойылымындағы Қарагөз рөлі үшін Мәскеудегі бүкіл одақтық жастар шығармашылығы байқауының лауреаты атанды. 1982 жылы Қазақстан еңбек сіңірген әртісі атағын иеленіп, республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты болды. 1991 жылы КСРО кинематографистер одағының мүшесі болып, 2008 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды. Бұдан өзге 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталды.

Меруерт Өтекешова кино әртіс Қыз Жібек
Кеше, 18:42 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:49 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар