Қазақстан жаңалықтары8 сәуір 2025, 15:11

Алматыда жүк көлігі жаншып кеткен 7 жастағы қыз туралы тың дерек

Алматыда өткен аптада жеті жасар қызды анасының көзінше қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қала прокуратурасы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс бойынша «Renault» жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қолдады.

Еске салайық, Новая-Бурундайская көшелерінің қиылысында жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті, бала сол жерде көз жұмды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданааралық тергеу соты жүргізушіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

«Баптың санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - делінген қалалық прокуратура хабарламасында.

Жүк көлігі, жаншып кеткен

Тақырыпқа жаңалықтар