Түркістан облысында грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы қаза тапты

Түркістан облысындағы кафель зауыттарының бірінде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Тілектес Әділ өндірістік жазатайым оқиғадан көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы жағдай спортшының жұмыс орнында болған. Марқұмның досы таратқан ақпаратқа сәйкес, Тілектес Әділ жұмыс барысында абайсызда электр сымына тиіп, ток соққаннан кейін биіктіктен құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен дәрігерлер спортшының өмірін сақтап қала алмаған.

Тілектес Әділ есту қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан намысын қорғаған белгілі балуан еді.

Ол 2018 жылы Ақтөбеде өткен Қазақстан Республикасының II спартакиадасында грек-рим күресінен 55 келі салмақта жеңімпаз атанған. Ал 2019 жылы Қостанайда ұйымдастырылған ел чемпионатында 60 келі салмақта алтын медаль иеленген.

Зауыт Күрес салмақ спорт
11 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
11 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
11 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар