Такси жүргізушілері мен курьерлерге қатысты жаңа ереже бекітіледі

Еңбек министрлігі такси қызметі мен курьерлердің құқығын қорғайтын ережелерді бекітпек, деп хабарлайды Arbat.Media.

Енді оларға жұмыс ұсынып отырған платформаларға бақылау күшейеді.

Мәселен, қазір кей жағдайларда Яндекс не Индрайвер такси жүргізушілерін өз базасынан арадағы келісімшартты не себепті үзгенін түсіндірмей-ақ шығарып тастайды, дейді министрлік.

Енді мұндайға жол берілмейді. Платформалар жазбаша түрде себебін түсіндіруге міндетті. Ал бас тартса, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар сотқа жүгіне алады.

такси курьер яндекс Индрайвер

Тақырыпқа жаңалықтар