Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі 85 жастағы әйелді қағып өлтірді

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісі 85 жастағы әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Розыбакиев көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында ұзын-сонар кептеліс пайда болды. Көліктердің тоқтап тұрғанын пайдаланған 85 жастағы әйел белгіленбеге жерінен өтпек болған. Жүк көлігінің жүргізушісі оны байқамай, әйелді қағып кетті.

Жедел жәрдем оқиға орнына тез жеткенше әйел оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Алматы жүк көлігі Жол апаты Адам

Тақырыпқа жаңалықтар