Алматыда жүкті әйел тұрғын үй кешенінің ауласында босанды
Оқиға Наурызбай ауданы Шұғыла ықшамауданында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі тұрғын үй ауласының көліктерге толы болуына байланысты шақырту орнына уақытында жете алмаған.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем қызметіне шақырту 06:21-де түскен, ал бригада оқиға орнына 06:31-де жеткен.
“Дәрігерлер оқиға орнына келген сәтте әйел адамның босанудың белсенді кезеңінде екені анықталған. Салмағы 3 370 грамм болатын қыз бала жедел жәрдем бригадасының зембілінде дүниеге келді", - делінген хабарламада.
Қазір ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің бақылауында, екеуінің де жағдайы тұрақты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: