Алматылықтар жер сілкінісін сезді
Фото: aa.com.tr/ru
aa.com.tr/ru

Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді. «ҚР ТЖМ „Сейсмологиялык зерттеу институты“ ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 25 қарашада Астана уақытымен 23 сағат 45 минутта Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді. Сезілетіндігі туралы мәліметтер нақтылануда», — деп жазды министрлікті баспасөз қызметі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жер сілкінісі бір уақытта еліміздің бірнеше қаласында сезілген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше:

 

  • Алматы 2 балл,
  • Жаркент қаласы 4 балл,
  • Чунджа ауылы 3 балл,
  • Текелі 3,
  • Қырғызсай ауылы 2 балл,
  • Қарабұлақ кенті 2 балл,
  • Жансүгіров ауылы 2 балл,
  • Көкпек ауылы 2 балл,
  • Сарқант қаласы 2 балл,
  • Талдықорған қаласы 2 балл

 

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;

2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;

3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;

5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); — көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;

10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Еске салайық, 5 қараша күні жер сілкінген болатын.

Сондай-ақ зілзаланың күші Алматыда 3, Талғарда — 4, Есік қаласында — 4, Түрген ауылында 3, Өтеген батыр ауылында 3, Боралдай ауылында 2, Маловодное ауылында, С. Ж. Қайыпова ауылында 2, Алатау қаласында (Жетіген) 2, Қарасай қаласында (Қаскелең) 2 балл болған еді.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда күшті жер сілкінісі болған жағдайда санаулы сағатта бас сауғалайтын база құрылатыны туралы айтқан болатын.

Осыған дейін Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елизавета Есенжігітова алматылықтар жер сілкінісіне әрқашан дайын болу керектігін ескерткен болатын.

 

Жер сілкінісі Алматы 25 қараша 2 балл

Тақырыпқа жаңалықтар