Амантай қажы әйелді баспалдақтан итеріп жіберді

Президенттікке үміткер болған антиядролық қозғалыстың белсендісі Амантай қажы бір әйелді баспалдақтан итеріп жіберді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Алматы қаласында болған. Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазірге белсендінің не үшін мұндай агрессивті әрекетке барғаны белгісіз.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында», деп хабарлады ПД.

 

 

Амантай қажы Әйел Алматы

Тақырыпқа жаңалықтар