Амантай қажы өз шындығын айтты
2 жылға сотталуы мүмкін Амантай қажы өз шындығын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның сөзінше, желіде тараған қауесет шындыққа жанаспайды. 15 тәулікке, тіпті 2 жылға сотталады деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Мені 15 тәулікке соттады деген өтірік. Мен ол спорт алаңына 50 жылдан бері барамын. Таңғы 6-да тұрамын, жаттығу жасаймын. Сол күні спорттық алаңға барғанда, Биғайша деген әйел ішіп алған, алдымнан шығып, мені құшақтады. Мен қолын қағып жібердім», - дейді қоғам белсендісі.
Айта кетейік, шілде айында әлеуметтік желіде Амантай қажының әйелді баспалдақтан итеріп жібергені туралы видео тараған еді. Алматы ПД «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: