Анасын қорғауды сұраған бес балаға баспана беріледі — Асхат Шахаров

Ақтөбе әкімдігінде балалардың қауіпсіздігі мен жауапты мекемелердің әрекетіне қатысты мәселе талқыланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, бес баланы орналастыру және олардың өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданады.

“Бес баланы орналастыру керек. Қалған мәселелерді біз қолға аламыз, одан бас тартпаймыз. Біз үшін ең маңыздысы – олардың болашағы. Егер заңбұзушылық болса, кінәлілер жауапқа тартылады. Балалардың тағдыры тікелей бақылауымда болады”, - деді өңір басшысы.

Ақтөбе Әкім Баспана мекеме

Тақырыпқа жаңалықтар