Анасына соққы жасаған ер адам ұсталды

Қазақстанда анасына пышақпен бірнеше рет соққы жасады деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан елге жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға былтыр қарашада болған. Күдікті үйінде алкогольдік масаң күйде болып, анасымен ауызша жанжалдасқаннан кейін оған пышақпен бірнеше рет соққы жасаған.

Қылмыстан кейін ол жауапкершіліктен қашу үшін Қазақстаннан жасырын кеткен. Осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында оның Вьетнамда жүргені анықталып, маусым айында Дананг қаласында ұсталған. Кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Егер сотта кінәсі дәлелденсе, оған 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

оқиға сот Күдікті Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар