Әнші Qarakesek медициналық мекемеге жатқызылмақ

2025 жылдың қыркүйегінде полиция әртісті мас күйде ұстаған еді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оның қолында бір пакет ұнтақ (0,26 грамм зат) болған.

Сот рэперді психотроптық затты сақтағаны үшін кінәлі деп тапты. Алайда оның сату ниеті болмаған.

"Аманбаев психотроптық затты сату ниетісіз заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту және нашақорлықтан міндетті емделуге үкім шығарды", - делінген хабарламада.

Тақырыпқа жаңалықтар