Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі неліктен қызбен тұрмыс құрғанын ашық айтты

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Назира Бақаева не себепті жас қызбен некеге тұрғанын ашық айтты, деп хабарлайды Arbat.Media Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Назира Бақаева эксклюзивті сұхбатында ажырасуына себеп болған жайттарды айта кетті. Ол өзінің Назира деген жеке рөлін, өз реализациясын, арман-мақсаттарын ұмытып, келін, ана, жар рөлінде ғана қалып кеткенін айтты.

Ол ата-енесін соңғы демдеріне дейін баққан, қара шаңырақтың келіні боп, ата-енеге, күйеуге қызмет еткенін айтады.

Назира Бакаева өзінен бірнеше жас кіші Doris есімді бойжеткенмен көңіл қосқан.

«Менің Doris-қа алғысым шексіз. Ол мені қараңғы түнектен құтқарды, өмірімен жарық берді. Оның маған жасаған жақсылығы өте көп. Әйел-әйелге қолдау бере алады, менің соған көзім жетті. Алғашқыда біз жұмыс, шығармашылық барысында жақын болуды ойладық, содан кейін бірге тұруды шештік», дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі таңда келіншек бойжеткенмен «Бостон» некесінде тұрады. Мұндай некені екі адамның (көбіне әйелдердің) ресми некесіз, романтикалық немесе жыныстық қатынассыз бірге тұрып, бір-біріне эмоционалдық, тұрмсытық, қаржылық тірек болып өмір сүру формасын айтады.

Айта кетейік, Назира Бақаева 5 баланың анасы, Ақан Сатаевтың бұрынғы зайыбы, жастайынан киноға түскен, яғни шығармашыл тұлға.

Сатаев кино Отбасы жеке өмір

Тақырыпқа жаңалықтар