Ақбота Керімбекова балалық шағындағы ауыр кезеңді еске алды

Әнші Ақбота Керімбекова бала кезінде отбасында көрген қиындықтары туралы ашық айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өнер иесі отбасындағы зорлық-зомбылықтың бала психологиясына ауыр әсер ететінін сөз етті. Оның айтуынша, ата-анасы арасындағы жанжал мен күш көрсетуді көріп өскен баланың санасында мұндай оқиғалардың ізі ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.

Әнші өзінің де бала күнінде осындай жағдайды бастан өткергенін жасырмады.

«Анам менен кейін балалы болмады. Мен жалғыз қызбын. Әкем ұлы болмағаны үшін маған да, анама да қол көтеретін. Ол кезде баламын, ештеңе істей алмадым. Іштей қынжылатынмын. “Әкем үйге келмесе екен” деп тілейтінмін. Күндердің күнінде әкемнің басқа отбасы, баласы бар екенін естідік. Мен, шыны керек, оған қуандым», – деді Ақбота Керімбекова.

Осылайша әнші балалық шағында көрген отбасылық қиындықтарын еске алып, мұндай жағдайлардың бала жадында ұзақ сақталатынын жеткізді.

Әнші Ақбота Керімбекова Отбасы Ән

Тақырыпқа жаңалықтар