Ақмола облысында бүтін бір отбасыны өлтірді деген күдікті ұсталды
Ақмола облысында бүтін бір отбасыны өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға Ақмола облысы Жібек жолы ауылында болған. Желіде ер адам анасы, әкесі және қарындасын өлтіргені туралы ақпарат тараған. Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.
«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: