Ақмола облысында ер адам өз үйінің ауласында үсіп қалған
Ақмола облысында ер адам өз үйінің ауласында үсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияның айтуынша, оқиға Біржан сал ауданындағы Бұланды ауылында 13 қарашада түнгі уақытта болған.
Оқиға болған жерді тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
Марқұм осы Бұланды ауылының 55 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Ол жалғыз тұрып, өз үйінің ауласында көз жұмған. Сарапшының қорытындысына сәйкес ер адам үсіп қалған», - деп хабарлады облыстық полиция.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: