Ақмола облысында ірі жол апатынан екі адам зардап шекті
Ақмола облысында ірі жол апаты болып, екі адам зардап шекті. Жол апаты Екатеринбург-Алматы тас жолының 1300-шақырымында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияның мәліметінше, Астанаға бағыт алған DAF жүк көлігінің жүргізушісі тайғақ жолда көлікті тізгіндей алмай, қиғаш тосқауылға соғылған.
«Мұзды жолда көлікті тізгіндей алмай, артынан келе жатқан Chevrolet Cobalt және Toyota Highlander көліктері жүк көлігімен соқтығысқан. Сонымен қатар Kia K5 жүргізушісі де апатты байқап, көлікті тежеуге тырысқанымен тосқауылға соғылған», — делінген полиция хабарламасында.
Апат салдарынан көліктердің екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: