Ақмола облысында көпбалалы ана өзіне қол салды
Ақмола облысында көпбалалы ана пойыздың астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы жағдай Ақмола облысындағы Анар стансасында болды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға 2025 жылдың 10 маусымында сағат 03:02-де болған.
«Анар станциясында жүк пойызының машинисі адамның кенеттен жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қабылданған шараларға қарамастан, қысқа қашықтыққа байланысты трагедияның алдын алу мүмкін болмады», - деп жазылған хабарламада.
Әйелдің жеке басы анықталды. Алдын ала болжам бойынша ол суицид жасаған. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: