Қазақстан жаңалықтары27 ақпан 2026, 9:25

Ақмола облысында мейрамханада жойқын жарылыс болды

Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрғын үйдің астыңғы бөлігінде орналасқан мейрамханада газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Хабар түскеннен кейін 5 минутта ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер ғимараттан 8 газ баллонын шығарып, 10-нан астам адамды құтқарды.

Алдын ала мәліметке сай, шамамен 20 адам зардап шеккен, 7 адам қаза тапқан. Өрт толық сөндірілді, үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Ақмола облыс Өрт Жарылыс
25 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
25 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
26 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар