Ақмола облысында су құбырын жөндеп жатқан 2 жұмысшы ажал құшты

Целиноград ауданының Қараөткел ауылындағы құдықтағы су құбыры желісінде монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Ағымдағы жылдың 6 шілдесінде Целиноград ауданының Қараөткел ауылында құдықтағы су құбыры желісінде монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жазатайым оқиға орын алды. Екі жұмысшы қайтыс болып, екеуі ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 4-бөлігі (еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторы тексеріс жүргізуде.

Ақмола облыс Қаза Жұмысшы

Тақырыпқа жаңалықтар