Жамбыл облысында 6 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін сағат 14:30-да сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Сілкініс ошағы - Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жерасты дүмпуінің күші (балл бойынша):

Құлан ауылы - 6 балл

Меркі ауылы - 5 балл

Шу қаласы - 3 балл

Сарыкемер ауылы - 3 балл

Төле би ауылы - 3 балл

Тараз қаласы - 3 балл

Аса ауылы - 2 балл

Мойынқұм ауылы - 2 балл

Қордай ауылы - 2 балл

Бауыржан Момышұлы ауылы - 2 балл

Қаратау қаласы - 2 балл

Тұрар Рысқұлов ауылы 2 балл

Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

жамбыл Жер сілкінді Меркі

Тақырыпқа жаңалықтар