Ақмола облысындағы лагерьде балалар жаппай уланды
Ақмола облысындағы балалар лагерінде демалып жатқан бірнеше бала жаппай тағамнан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға 1 шілде күні белгілі болды. Сол күні облыстық көпбейінді балалар ауруханасына тағамнан улану белгілерімен төрт қыз бала жеткізілген.
Балалар жыл бойы жұмыс істейтін тіл үйрету лагерінде демалып жүрген.
Зардап шеккен балаларда құсу, дене қызуының көтерілуі және іш өту белгілері байқалған.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бастапқыда Біржан сал ауданының ауруханасына алты бала жеткізілген. Дәрігерлер тексергеннен кейін олардың екеуі амбулаториялық ем алуға жіберілсе, төрт қыз бала — екі 8 жастағы және екі 12 жастағы оқушы инфекциялық бөлімге жатқызылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: