Қазақстан жаңалықтары20 қараша 2025, 20:48

Ақмолада жол апатына себепші болған жүргізуші 15 млн теңге айыппұл төледі

Ақмола облысында жол -көлік оқиғасына себепші болған жүргізуші 15 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол Екібастұз қаласынан Астанаға жолаушыларды тасымалдау кезінде өзімен бір бағытта қозғалып келе жатқан автокөлікке соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан артқы орындағы жолаушының бас сүйегі жарақаттанып, оң аяғы ампутацияланды.

Сотта айыпталушының шаршаңқы күйде көлік басқарғаны, жылдамдықты асырғаны анықталды.

Жәбірленуші айыпталушыны бас бостандығынан айырмауды сұраған.

"Сот үкімімен жүргізушінің 1 жылға бас бостандығы шектеліп, 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды", - дейді Ақмола соты.

Жәбірленушінің пайдасына 15 млн теңгеден астам материалдық және моральдық шығын өндірілді.

Ақмола облыс Жол апаты Айыппұл
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар