Ақтау әуежайында жарақат алған балаға 2 млн теңге моральдық шығын төленеді
Ақтау әуежайында жарақат алған балаға 2 млн теңге моральдық шығын төленеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
2 жасар қыз 2024 жылы анасымен елордадан ұшып келген сәтте, жолаушыларға арналған есіктен жалғыз өзі өтіп, экскалаторға саусақтарын жарақаттайды.
Қызға медициналық көмек көрсетілді, алайда дәрігерлердің пікірінше, 10 жасқа толғанда саусақтарына ота жасау керек болады.
Сотта әуежай өкілі баланың қараусыз қалып, экскалаторға өз бетінше жақындағанын айтып, істі мойындамайды.
"Алайда бейнежазбада әуежай инспекторы есіктен өтіп бара жатқан баланың қолынан жібере салып, анасын бөгеп, ғимаратқа кіргізбегені анық көрінеді", - дейді сот.
Сот әуежайдан зардап шеккен баланың заңды өкілінің пайдасына 2 миллион теңге өндіріп алуды ұйғарды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: