Қазақстан жаңалықтары25 наурыз 2026, 11:39

Ақтауда бойжеткен бесінші қабаттан секіріп кетті

Қайғылы оқиға Ақтау қаласының 22-шағын ауданында болды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 24 наурызда, күндіз бес қабатты №6 тұрғын үйде болған. Құлаған сәтте қыз екінші қабаттағы терезе үстіндегі темір қалқанға соғылып, кейін жерге құлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен қыз аман қалған.

Өңірлік полиция департаменті 1993 жылы туған қыздың шынымен секіргенін растады. Сондай-ақ оның ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ведомство.

Ақтау биік құлады бойжеткен
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар