Қазақстан жаңалықтары27 қараша 2025, 19:52

Ақтауда ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді

Ақтауда ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтады деген күдікпен азамат ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тексеру барысында салмағы 1 кг 923 г «альфа-PVP» есірткі заты салынған төрт полиэтилен пакет табылды. Кейін жедел іс-шаралар кезінде Ақшұқыр аумағындағы 15 жасырын орын тексеріліп, оның сегізінен 128,92 г «альфа-PVP» анықталды. Қалған 7 орын бос болған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 2 кг 052 г құрайды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтау Синтетика полиция Қылмыс
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар