Ақтаулық жігіттің қызды зорлап, бопсалағаны туралы сұмдық дерек анықталды

Ақтаулық косметолог Сарвиноз Фазылова өзінің зорлық-зомбылық пен бопсалаудың құрбаны болғанын жария етті. Күдікті Рамазан есімді ер адам оны бірнеше сағат бойы қорлап, әрекетін бейнежазбаға түсірген, деп жазады Arbat.Media Аlash.kz сайтына сілтеп.

Фазылованың сөзінше, ол дәрілердің әсерінен әлсіреп, қарсылық көрсетуге қауқарсыз күйде болған.

“Рамазан мені күштеп шешіндіріп, тізерлетіп қойып видеоға түсірді. Ол бұрынғы жігітімнен кешірім сұрауды талап етті. Мен жалаңаш күйімде тізерлеп тұрып, кешірім сұрадым. Ол шамамен төрт сағат бойы қинады. Аяғымдағы жарақаттардан қалған тыртықтар әлі күнге дейін бар. Ақырында зорлап, "Егер, полицияға барсаң, видеоны блогерлерге беремін" деп қорқытты”, – дейді ол.

Ол полицияға арызданғаннан кейін жағдай одан әрі қиындай түскен. Әлеуметтік желілерде оған қарсы науқан басталып, түрлі блогерлер оның жеке суреттерін жариялап, қорлайтын пікірлер жазған.

“Менің суретімді қойып, "дінсіз" деп жазды. Бетімді фотошоппен өзгертіп, анамды балағаттап, мені "жезөкше" деп атады”, – дейді Фазылова.

Қазіргі таңда бұл іс қайта тергеліп жатыр. Дегенмен, параллель түрде Фазылованың өзіне қатысты да бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Тергеу органдары оған “жала жабу” және “қасақана жалған арыз беру” баптары бойынша айып таққан.

Ақтау қыз Зорлық полиция

Тақырыпқа жаңалықтар