Ақтөбе облысында қала әкімі өз-өзіне қол жұмсады
Ақтөбе облысындағы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов 20 желтоқсан күні кешке өз үйінен өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Марқұм 46 жаста болған. Артында балалары қалды.
Қайғылы жағдай туралы ақпаратты аудандық әкімдік растады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Еркін Далмағамбетов Темір қаласының әкімі қызметіне өткен жылдың жазында тағайындалған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: