Ақтөбеде әйел лайк басамын деп, 1,3 млн теңгесінен айырылып қалды

Әйел Telegram-арналардың бірінен «қосымша табыс» табуды ұсынған сайтқа сілтеме арқылы кірген, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шарт бойынша жарияланымдарға лайк басып, пікір қалдыруы керек болған.

Тапсырманы орындағаны үшін сыйақы алатынына сенген әйел белгісіз біреулердің нұсқауларын орындайды.

Кейін оған тапсырмаларды жалғастыру үшін белгілі бір сома енгізу қажеттігі айтылған.

Осылайша жәбірленуші алаяқтардың шотына 1,3 миллион теңге аударып жібереді.

Кейін тапсырма берушілер байланысқа шықпай қойған, ал сайтқа кіру бұғатталған.

Ақтөбе алаяқ Әйел Ақша

Тақырыпқа жаңалықтар