Ақтөбеде бұрынғы әйелін аңдыған ер адам ұсталды

Ақтөбе облысында полиция сталкингтің кезекті жағдайын тергеп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

29 жастағы әйел арызбен жүгініп, бұрынғы жұбайы тарапынан заңсыз әрі мазасын алатын қудалау болып жатқанын айтқан.

Полиция мәліметінше, ер адам ай басынан бері әйелді үнемі аңдып, байланысқа шығуға тырысқан. Учаскелік инспекторлар оны полиция бөліміне жеткізді, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Еске салайық, Қазақстанда 2025 жылдың шілде айынан бастап сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген — бұл зорлық-зомбылықсыз, бірақ елеулі зиян келтіретін заңсыз қудалау.

«Заң күшіне енгеннен бері Ақтөбе облысында сталкингтің алты дерегі тіркелді, олардың біреуі шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», — делінген хабарламада.

Ақтөбе жігіт Әйел аңду

Тақырыпқа жаңалықтар